НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алаяқтық қылмыстардың көбеюіне қатысты азаматтар әділ наразылық білдіруде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қылмыспен күресудің практикалық мәселелерін назардан тыс қалдырмау керек. Алаяқтықтың көбеюіне байланысты азаматтардың наразылық білдіруі орынды», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Бас прокуратура алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлейтін болады.
Сонымен қатар Қ. Тоқаев балаларға, соның ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын-алу және оның жолын кесу ерекше бақылауда болуға тиіс екенін қадап айтты.
«Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.