Тоқаев: Ішкі нарық мұнаймен Ақтөбе, Қызылорда облыстары есебінен қамтамасыз етілуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап,

«Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету, негізінен, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кен орындары есебінен жүзеге асырылып отыр . Мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай көлемінің азаю қаупі бар. Ресурсты тиімді пайдалану үшін Үкімет нақты ұсыныстар енгізуі қажет», деп атап өткен Мемлекет басшысы.





Соңғы жаңалықтар