+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Тоқаев халықтың қарыз жүктемесін төмендету шаралары бойынша тапсырма берді

2019 жылғы 15 шілде 11:07
Бөлісіңіз:
Тоқаев халықтың қарыз жүктемесін төмендету шаралары бойынша тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге қатысты шараны тиісті деңгейде орындауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істей алатын кәсіптер атласы жасалады Әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін қызметтер электрондық форматқа көшіріледі Қазақстанда АӘК көрсету тетіктері жетілдіріледі

«Төлем қабілеті төмен азаматтарға қатысты қарыз жүктемесін төмендету бағытындағы жұмыстар қалай жүріп жатыр?», - деп сұрады Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтан.

«Ағымдағы жұмысты Үкіметпен бірге 2 блокқа бөлдік. Бірінші блокта біздің қолдаумен қамтылған топқа қатысты мәліметті салыстыру жұмыстары ескерілген. Осы мәліметтер базасын салыстыру бойынша жұмыстар ағымдағы аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен аяқталады. Алдағы аптадан бастап шілденің аяғына дейін екінші деңгейлі банктермен және микроқаржылық ұйымдармен, сондай-ақ Проблемалық несиелер қорымен шарттар бекітіледі. Біздіңше, 1 қыркүйекке дейін банктерге қатысты қажетті төлемдер аяқталады. Айыппұл және өсімпұлға байланысты мәселелерді 1 тамызға дейін шешеміз», - деді Е. Досаев.

Президент бұл жұмыстарды Үкімет, Президент Әкімшілігі тұрақты бақылауда ұстауы керектігін тапсырды.

«Біз осы акция туралы жарияладық. Атап айтқанда, бұл акция бір жолғы сипатқа ие. Алдағы уақытта осы тектес шаралармен әуестене алмаймыз, оған құқығымыз жоқ. Дегенмен, халыққа жариялаған бастаманы дер кезінде әрі сапалы орындауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет азаматтардың 300 мың теңгеге дейінгі қарызын өтеп береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT