Тоқаев Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишельмен елдегі жағдайды талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің президенті Шарль Мишельмен елдегі жағдайды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.

«Шарль Мишельмен пайдалы әңгіме-дүкен құрдық. Қазақстандағы жағдай туралы мәліметтерді жаңарттық. Біз мемлекеттігімізге қарсы бұрын-соңды болмаған агрессия актісіне тап болдық және елде конституциялық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру үшін жедел шаралар қабылдадық» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтті. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.

Еске салайық , ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мүше елдердің басшыларынан ел аумағындағы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұраған болатын.

10 қаңтар күні ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы мәлімдеме жасады .

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Маңғыстау облысында ҰҚШҰ әскері орналасқан деген ақпаратты жоққа шығарды .

Оның айтуынша, ҰҚШҰ әскері дағдарыс аяқталғаннан кейін еліне қайтады.


Соңғы жаңалықтар