Тоқаев: Еуразия экономикалық комиссиясында бес мемлекеттің де азаматтары болуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия экономикалық комиссиясында неліктен бес мемлекеттің де мүшелері болуы керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда өткен отырыстардың бірінде айтылған ұсыныстарды талқылаймыз. Ол - комиссияның кадрлық құрамына қатысты талқы. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан қаржыландыру үлесіне қарай Еуразиялық экономикалық комиссияға азаматтарды қатаң бекіту ұстанымына қарсы. Халықаралық ұйымдарда біз үміткерлердің кәсіби біліктілігіне сүйене отырып, бәріне тең жағдай жасауға тиіспіз. Тек сонда ғана комиссия шынында да экономикалық одақтың мүддесі үшін жұмыс істейтін ұлтүстілік органға айнала алады. Практикалық тұрғыдан қарағанда комиссияға бес мемлекет азаматтарының мүше болуы – кәсіби өсімге қол жеткізіп, еуразиялық интеграция саласындағы мамандарды тәрбиелеуге көмектеседі. Ұлттық үкіметтер Еуразия экономикалық одағы құқығының қыр-сырына дейін білетін басқарушыларға, басқа мемлекеттермен байланыс орната білген нағыз еуразиялықтарға ие болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысында.

Президент экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі стратегиясының дау тудыруы мүмкін барлық бөлімдері бойынша қолайлы консенсусқа қол жеткізілгенін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар