Тоқаев: Елбасы - бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған ұлтының адал перзенті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференция барысында қазақстандықтардың жаңа сыни кезеңге дайын болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем тоқтаусыз даму жолында. Қазақстанды үлкен сынақтар күтіп тұр. Қазіргі халықаралық қатынастардың турбуленттілігі кезінде туған реформалар өспелі жаһандық бәсеке кезіндегі күрделі георграфиялық жағдайларда жүзеге асырылады. Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы ұлтты қатаң бәсекеге дайындап жатыр. 21 ғасырда оңайға соқпайтынын ескертемін. Біздің уақытымыздың парадигмасы осындай. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - бар ғұмырын өз халқына еңбек етуге арнаған ұлтының адал перзенті. Сонымен қатар, ол - жаһандық ауқымдағы мықты саясаткер және көрнекті реформатор ретінде адамзат тарихындағы ұлы тұлға», - деді ҚР Президенті.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференцияснда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевты «егемен елдің жылнамасын жазған адам» деп атады.

Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің КСРО Үкіметін басқару туралы ұсыныстан қалай бас тартқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар