Тоқаев ел тағдырына алаңдамайтын бизнесмендер жайлы: түсініксіз сылтаулар естимін

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуінде ел дамуына үлес қосқысы келмейтін бай-бағландарды сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ынтымақтастық пен өзара жауапкершілік ұстанымдарына негізделген мемлекет құрып жатырмыз. Мен үнемі дәулетті бизнесмендерімізді әлеуметтік салаға инвестиция салуға, қоғамдық маңызы бар жобаларды дамытуға шақырамын. Оған жауап ретінде қандай да бір түсініксіз сылтауларды естимін, олардың шет қалғанын, елдегі өмірді жақсартуға белсенді қатысуға ниетінің жоқтығын көремін. Шамасы, бұл олардың ел тағдырына алаңдамайтынын және олар үшін әлеуметтік жауапкершілікке шақыру бос әуре екенін білдіреді. Мұндай позиция бірқатар сұрақтар тудырады және біз де өз қорытындымызды шығарамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Президент шет елдердегі ауқатты адамдар тек ішкі проблемаларды шешуге ғана емес, өздерінің бизнес-байланыстарын пайдаланып, шетелде ұлттық мүддені ілгерілетуге жәрдемдесетінін атап өтті.

«Біздің елімізге белсенді азаматтық патриотизм қажет. Айналада болып жатқан барлық нәрсеге «менің шаруам жоқ» қағидатымен қарауға болмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар