Тоқаев БҰҰ-мен өзара іс-әрекет бойынша ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуді тапсырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.


Соңғы жаңалықтар