Тоқаев: Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті. Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс», - деді Президент.


Фото: t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар