Тоқаев: Бидайды дер кезінде жинап, өнімнің дұрыс сақталуын қамтамасыз ету қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бидайды дер кезінде жинап, өнімнің дұрыс сақталуын және қайта өңдеуден өтуін қамтамасыз ету қажет. Мемлекет басшысы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына сапары барысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына сапарым аясында егін жинау жұмысының барысымен таныстым. Ең бастысы, бидайды дер кезінде жинап, өнімнің дұрыс сақталуын және қайта өңдеуден өтуін қамтамасыз ету қажет», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар