Тоқаев барлық мемлекетті терроризмнен ада кодекске қосылуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымына айтылатын сын негізінен әділетсіз. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тағы бір жаһандық қатерге – халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін үлкен альянс құру қажеттігіне тағы да назар аударамыз. Барлық мемлекетті Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне қосылуға шақырамыз. Қазақстан – өз елінің әйелдері мен балаларын соғыс алаңына айналған Сирия мен Ирактан алып шыққан алғашқы мемлекеттердің бірі. Мұндай шешім қабылдау оңай болған жоқ, бірақ аса қажет еді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ пандемия салдарын еңсеру, экономиканы қайта қалпына келтіру және жаһандық басқаруды жақсарту жөніндегі халықаралық шараларды үйлестіруге тиіс деген берік ұстанымда екендігін айрықша атап өтті.

«Осы ретте, БҰҰ-ның әрбір агенттігі әлем алдында тұрған міндеттерге байланысты өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеуге тиіс. БҰҰ-ның болашағы үшін бұдан тиімді әрі функционалды үлгі қалыптастырудан басқа жол жоқ деп санаймыз. Біріккен Ұлттар Ұйымына айтылатын сын негізінен әділетсіз. Бүгінде Ұйымның атқарып отырған қызметі мүше мемлекеттердің оған берген саяси еркіндігімен пара-пар», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар