+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Тоқаев барлық атқарушы органдардың басшыларына тың тапсырма берді

2020 жылғы 12 ақпан 12:45
Бөлісіңіз:
Тоқаев барлық атқарушы органдардың басшыларына тың тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлер Волонтер жылы шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуы қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Журналистер де үнемі маска тағып жүруі керек Халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасуда - Берік Уәли

«Барлық жобаларды мемлекеттік органдармен және бизнеспен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асыру қажет. Осы жылдың күнтәртібі корпоративтік волонтерлік дамытуға байыпты серпін береді деп санаймын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

Осы орайда Қазақстан Президенті кәсіпкерлерді Волонтер жылы шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.

«Әрине, волонтерлік бастамалардың ілгерілеуіне екпін беріп, белсенділер үшін барлық жағдай жасайтын жергілікті атқарушы органдар маңызды рөлге ие болуы тиіс. Мен қазір ғана барлық атқарушы органдардың басшыларына тапсырма берді деп санаңыздар. Бірінші кезекте, мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялардың, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері жұмыс аптасының бірнеше сағатын бұл бағытқа бөліп үлгі-өнеге көрсетуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы волонтерлік қызмет мемлекеттік және жеке компаниялардың қызметкерлері үшін жұмыс мәдениеті болуы қажеттігін баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT