Тоқаев балалар арасындағы суицид жағдайларына алаңдаушылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид жағдайларына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар мен жасөспірімдер ортасындағы суицид жағдайлары – бәріміз үшін қасірет. «Балалар неге ондай қадамға барады» деген сұрақ бойынша бәріміз ойлануымыз керек. Өмірлік нақты нұсқамаларды қалыптастыру – айналып келгенде тәрбие беру процесі сапасының түпкі талабы болуы тиіс», - деді Президент Тамыз конференциясында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біздің ортақ мақсатымыз – оптимистердің жаңа буынын тәрбиелеу екенін атап өтті.

«Жас буынның жігері өткір, өмірлік қиындықтарға бекем болуы тиіс. Басқаша болмауы керек», - деді Президент.

Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Жиында Мемлекет басшысы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетіндігін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар