Тоқаев аз қамтылған отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті тұрғын қолжетімділігін кеңейту екендігін атап өтті.

«Бұл мақсаттта халықтың аз қамтылған тобы үшін жалдамалы баспана құрылысының көлемі екі есе арттырылатын болады. Яғни, жылына 20 мың пәтерге дейін және жұмыс істейтін жастарға әзірше үш есе, жылына 3 мың пәтерге дейін салынады», - деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев аз қамтылған отбасылардың балаларын әлеуметтік қолдау шаралары жүйелендірілетіндігін баса айтты.

«Ыстық тамақпен, тегін жол жүру мүмкіншілігімен, мекепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіліп, қоғам мен демеушілерді кеңінен тарту арқылы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы жан-жақты жүзеге асырылады», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар