+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Тоқаев ауыл халқының мал жаятын жер таппай отырғанына алаңдаушылық білдірді

2019 жылғы 14 қараша 12:30
Бөлісіңіз:
Тоқаев ауыл халқының мал жаятын жер таппай отырғанына алаңдаушылық білдірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы себепті Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жая алатындай қажетті нормативті ұстануы керек деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшкенде үй кезегі сақталуы тиіс Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті Мемлекет басшысы Семейдің жаңа ықшамауданындағы құрылыс жұмысымен танысты

«Елде ауыл шаруашылығы техникасына қажеттілік зор. Сол себепті, Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазАгро жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қажетті техниканы өндіріп, сату бойынша қаржыландыру механизмін жолға қоюы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда аграрлық секторды дамытуға - тұқым өсіру шаруашылығына, сұрыптарды жаңартуға, минералды тыңайтқыштарға жыл сайын қыруар қаражат бөлініп жатқанын еске салды. Президенттің айтуынша, осыған қарамастан, бидайдың орташа өнімділігі гектарына 12 центнерден аспай тұр .

«Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлы өңірлердің әкімдіктерімен бірге АӨК саласындағы еңбек өнімділігін арттыру бойынша нақты шараларды қабылдауы керек», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар, Ақмола облысындағы жайылым жерлерінің көлемі шамамен 4,5 млн га екенін, соның 88 пайызы пайдаланылып отырғанын атап өтті.

«Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT