USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Тоқаев: Атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек

2021 жылғы 19 қараша 15:47
Бөлісіңіз:
Тоқаев: Атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Атом электр станциясын салу мәселесінде нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Бұл туралы бүгін Алматыда қаржы секторының өкілдерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті Атырау облысында 41,4 млрд теңгенің экологиялық жобалары іске асырылады Электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтер деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету қажет - Ақшолақов

Кездесу барысында Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамытудың өзектілігіне, соның ішінде Атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды.

«Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау», – деді Президент.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев қаржы секторын климат жөніндегі күн тәртібінің талаптарына бейімдеуге қатысты мәселеге арнайы тоқталды.

«Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқарудың тұрақты даму қағидаттарының әсер етуіне байланысты қаржы секторындағы трансформацияның қарқыны артқанын бәріміз көріп отырмыз. Бұл біздің елімізге де тікелей қатысты. Қарқынды даму ұлттық экономикамызға салмақ салғанымен, екінші жағынан оны тұрақты дамытуға және әртараптандыруға көшіру үшін қосымша мүмкіндіктер де беріп отыр. Осыны ескере отырып, отандық қаржы секторы Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту жүйесіндегі маңызды бағытына айналуы керек», – деді Мемлекет басшысы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT