Тоқаев АӨСШК жобаларын қаржыландыру үшін арнайы қор құруды ұсынды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК аясындағы жобаларды қаржыландыру бойынша арнайы қор құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеңестің (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі - ред.) барлық негізгі бағыттары бойынша мүше-мемлекеттердің тактикалық өзара әрекеттестігін кеңейту өзекті болып отыр. Біз жобалар мен бағдарламалар секілді форумның өзге де қызметін қаржыландыратын арнайы қор құруды ұсынамыз. Мұндай жаңа механизм АӨСШК қызметіне қосымша стимул болуы тиіс», - деді Қ. Тоқаев Тәжікстан астанасында өтіп жатқан АӨСШК саммитінде.

Сонымен бірге, ол адами капиталға инвестиция салудың барлық мүше-мемлекеттердің экономикалық әл-ауқатына ықпал ететінін атап өтті.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы АӨСШК елдеріне халықаралық терроризммен күрес бойынша міндеттемелерді еске салды.

«Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылға бірлескен жүйелі тәсілдерді жасау маңызды міндет болып отыр. Бұл зұлымдықпен күрес бойынша міндеттеме БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясында қабылданған «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» кодексінде көрсетілген», - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кодекстің әлемнің көптеген елінен қолдау тапқанын айтты.

«Кодекс АӨСШК кеңістігіндегі терроризм қаупінің алдын алу бойынша ұсынымдарды әзірлеудің маңызды бөлігі болар еді», - деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар