Тоқаев Алматыдағы алма бақтарының шабылуына қатысты: Бұл – айуандық

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Іле Алатауының бөктерінде алма бақтарын сақтау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – айуандық. Мұндайға жол берілмеуі керек. Өкінішке қарай, бұл тиісті органдардың салғырттығы салдарынан болып отыр. Іле Алатауының бөктерінде алма бақтарын сақтау және өсіру мәселесі ерекше бақылауға алынуы керек. Бұл – Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстанның игілігі ғой. Қала маңындағы табиғатты қорғау аймақтарына түгендеу жүргізіп, оларды пайдаланудың қатаң рәсімдерін белгілеу қажет. Әкімдік қаланы көгалдандыру және аты аңызға айналған Алматы апортын қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруы тиіс. Әйгілі Ботаникалық бақты – қаламыздың өзіндік символын қалпына келтіру қажет», - деді Мемлекет басшысы Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы тауында қара топырақты ұрлау фактілері анықталған еді.

Сондай-ақ, полиция Алматыдағы жеке алма бақтарын шауып тастау фактілерін тергеп жатыр.

Авторы Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар