Тоқаев әлеуметтік көмекті беруде қағазбастылыққа жол бермеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға уақтылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметке және әкімшілікке, облыс әкімдері мен орталыққа қарайтын қалалардың әкімдерімен бірлесіп «Атаулы әлеуметтік көмекті» мұқтаж адамдарға уақтылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырдым. Қағазбастылыққа жол берілмесін. Кінәлілер жауапқа тартылады», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар