Тоқаев Ақтөбе қаласының Индустриялды аймағының жұмысымен танысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласының Индустриялды аймағының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына керамогранит пен керамикалық плиткалар шығаратын «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытының құрылысы жөнінде мәлімет берілді. Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны 9,2 миллиард теңге.

Қазақстан Президентіне Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, өнеркәсіптің жаңғыртылуы, шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстағы ірі өндіріс нысандары, соның ішінде мұнай өндіретін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының және жел электр стансасының құрылысымен айналысатын «ARM WIND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшыларына арналған сөзінде еңбеккерлердің жалақысын жыл сайын өсіру және сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердегі Қазақстанның үлесін арттыру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту үшін ірі кәсіпорындардың айналасында белдеу құрудың маңыздылығын атап өтті.
null null

Соңында Қазақстан Президенті облыс басшылығына өңірге инвестиция тарту бойынша кешенді шара қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар