Тоқаев АЭС құрылысына қатысты: Тіпті қажет болса референдум өткіземіз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Әзірше ондай жоспарымыз жоқ. Атом электр стансасының құрылысы біздің күн тәртібімізде жоқ. Егер болса міндетті түрде халықпен ақылдасамыз. Тіпті қажет болса бұл мәселе бойынша референдум өткіземіз. Себебі бұл өте жауапты, өзекті мәселе. Сондықтан мен уәдемді орындаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар