Тоқаев: 15 мың ядролық қару санаулы минутта іске қосылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыс пен Корей түбегіндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның ядролық қарусыздану және оны таратпау саласындағы бірегей саясаты шын мәнінде әлемдік тарихта теңдессіз болып саналады. Өкінішке орай, барлық елдер біздің бұл тәжірибемізді қолдана алмады. Сол себептен ядролық қауіп-қатер сақталып отыр. БҰҰ деректері бойынша, бүгін әлемде 15 мың ядролық қару бірлігі сақталып отыр», - деді Мемлекет басшысы бүгін елордада «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсыру рәсімінде.

Қ.Тоқаевтың сөзінше, жүздеген ядролық қару санаулы минуттар ішінде іске қосылуы мүмкін.

«Бұл жағдай халықаралық қатынастар мен қақтығыстық әлеуеттің ұлғаюымен ушыға түседі. Таяу Шығыстағы, Корей түбегіндегі жағдайлар алаңдаушылық туғызады. Сондай-ақ, Ирандық ядролық бағдарлама бойынша бірлескен жалпыға ортақ іс-қимылдар жоспары мен «Орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы» шарттың тағдыры анық болмай тұр», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар