Тоқ соққан электрші аман қалды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында бағанаға шығып жұмыс істеп жатқан электршіні тоқ соғып, аман қалды. Оқиға Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға болған сәтте электршінің талмасы ұстап қалған. Бағана басында тоқ соққан адамға дереу екі ер азамат көмекке ұмтылған. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әлеуметтік желіде осы оқиғаға қатысты видео тараған болатын.






Соңғы жаңалықтар