Тоғызқұмалақтан Қазақстанның параспортшылары арасында үздік ойыншы анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда зағиптар мен көзі нашар көретін спортшылар арасында ұлттық спорт түрі бойынша республикалық жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық әкімдігі спорт басқармасына сілтеме жасап.

Республиканың барлық өңірінен келген 54 спортшы 13 командаға бірігіп, «Самал» сауықтыру орталығында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатына қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша, ерлер арасында бірінші орынды алматылық Қайрат Қалқаев, екінші орынды оның жерлесі Мейірбек Нусіпбаев, үшінші орынды Алматы облысынан келген Мусрят Елибакиев жеңіп алды.

Павлодарлық Жұмабаева Эльвира қыздар арасында тоғызқұмалақтан ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының өкілі Эльвира Рахимжанова және үшінші орынды алматылық Зинятқыз Нүсіпбаева иеленді.

«Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл облыстық мәдениет және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Чемпионат өткізудің басты мақсаты - ұлттық спорт түрін насихаттап, жастардың патриоттық сезімін ояту», - деп түсіндірді спорт ведомствосында.

Айта кетейік, Қазақстанда тоғызқұмалақпен 200  мыңға жуық адам айналысады. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар