Тоғызқұмалақтан әлем кубогын Қазақстан ойыншылары жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-19 қыркүйек күндері аралығында Румынияның Констанца қаласында тоғызқұмалақтан жастар арасында Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен өткен бұл жарысты Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мен Татар демократиялық қоғамы ұйымдастырды.

Әлем кубогіне 9 мемлекеттен 50-ге жуық спортшы қатысты.

Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Болгария, Пакстан, Румыния, Түркия, Чехия, Украина және Эфиопиядан келген ойыншылар өзара мықтыны анықтады.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша ұлдар мен қыздар арасында рапид және шапшаң ойнау түрі бойынша жеке-жеке өткізілді.

Нәтижесінде Қазақстан жастар құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Қазақстандық спортшылардан алтын медальді Дастан Қалыбек (Шымкент қаласы) - 2 алтын, Аяна Исахан (Абай облысы) және Салман Аружан ( Түркістан облысы) 1 алтын жеңіп алды.

Осылайша әлем кубогын қанжығасына байлап қайтты.

Сондай-ақ, Чехия спортшылары 2 қола, Румыния мен Эфиопия спортшылары 1 қола медальдан жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар