Тоғызқұмалақ: Ел спортшылары Чехиядағы зияткерлік ойындар фестивалінен жүлделі оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11-18 шілде аралығында Чехияның Пардубице қаласында «Czechopen-2019» халықаралық зияткерлік ойындар фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева айтып берді.

«2019 жылдың 11-18 шілде аралығында «Чехияның Пардубице қаласында «Czechopen – 2019» халықаралық зияткерлік ойындар фестивалінде тоғызқүмалақ ойындарының классика, блиц, жастар және компьютерлік бағдарламалар арасындағы жарыстар өз мəресіне жетті. Турнир өте тартысты өтті», - деді ол.

Бас жаттықтырушы атап өткендей фестивалде тоғызқұмалақ жарыстарына 9 елдің спортшылары қатысқан, олардың ішінде Əлем, Азия, Европа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Блиц:

1-орын - Батырбек Бейбарыс (Қазақстан)

2-орын - Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан)

3-орын - Арыстан Манарбекұлы ( Қазақстан)

Жастар арасында:

1-орын - Марлис Дуулатбеков (Қырғызстан)

2-орын - Арыстан Манарбекұлы ( Қазақстан)

3-орын - Батырбек Бейбарыс (Қазақстан).

Соңғы жаңалықтар