Тоғыз жолдың торабындағы Арыс қаңырап бос қалған (фоторепортаж)

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігін тілшіміз көзбен көріп қайтты. Тоғыз жолдың торабындағы теміржолшылар қаласы қазіргі таңда қаңырап бос қалған. Онда тек әскерилер мен құзырлы орган өкілдерін кездестіруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы бірқатар ғимараттардың терезелері сынып, тұрғын үйлер өртенген. Халықтың көп шоғырланатын жері орталық базар да бос тұр. Азаматтар төтенше жағдай кезінде бас сауғалап, қашып кеткенін байқауға болады. Себебі, саудаға қойылған азық-түліктер де, киім-кешектер де сол күйі ашық-шашық күйде қалған. Көкөністер жолдың бойында қапшықтарда салынып тұр. Ас атасы нандар да сауда қатарларында қатып қалған. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың да есігі ашық. Кейбірінде терезелері сынып, дәмханалардың есігі ашық тұр.
null null null null null null null null null

Алайда қаланы аралау барысында бей- берекет жүрген адамдар кездеспейді. Сондықтан бұл нысандарға кіріп не шығып жүрген ешкім көрінбейді. Қаладағы бірқатар тұрғын үйлер өртеніп кеткен. Базбір көшелерде иесі жоқ малдар жайылып жүр. Электр бағаналарының сымдары үзіліп, қала ұялы байланыс қызметінен ажыратылған. Ал, әскерилер қаланы шашылған жарылғыш заттардан тазартуда. Әсіресе, баспаналар мен теміржол бойы тазаланып жатыр. Әзірге қаладағы теміржол бойынан пойыздар өткізілместен, жүру кестесі уақытша тоқтатылған. Өңірдің полицейлері мен сарбаздар қоғамдық тәртіпті бақылауда. Қаланың шыға берісінде үш бекет орнатылған. Ондағы әскерилер Арысқа ешкімді кіргізбеуге тырысуда. Себебі қалаға кіру қауіпті саналып, жолдар жабық тұр. Ал, жарылыс орын алған әскери бөлімнің бағытына қарай жол жүруге тыйым салынған. Тіпті онда журналистер де кіре алмады. nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullОблыстың өрт сөндіру қызметі Арысқа барар жолда кезекшілікте тұр.

null

Соңғы жаңалықтар