Тоғыз өңірде дала өртінің тұтану қаупі бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 9 өңірінде дала өртінің тұтану қаупі бар. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт қауіпті жағдайлар тоғыз өңірде байқалып тұр. Яғни Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары осы тізімге енді. Өрт қауіпті кезең (сәуір айынан) басталғалы орман қоры аумағында 419 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұндай фактілердің саны 73 пайызға көбейді», - делінген комитет мәліметінде.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың сәуірінен елімізде 26 дала өрті болды. Бұл тұрғыда 2018 жылға қарағанда 13 пайызға төмендеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Ресейдің Сібір аумағындағы өрттің таралуы Қазақстанға қауіп тудырмайтынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар