Тоғыз қабатты үйдің балконынан құлаған қыз аман қалды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының «Құрылысшы» ықшам ауданында қайғылы оқиға орын алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Тоғыз қабатты үйдің  балконынан 1982 жылы туған, бала жастан мүгедек қыз құлап кетіп, есік алдында жүрген 83 жастағы әжейдің дәл үстіне түскен. Саратов облысы Озинки ауданынан қызына қыдырыстап келген кейуана сол бойда қаза тапқан да, құлаған қыз көптеген жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар