«Тобылдың» екі футболшысы тамақтан уланған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық «Тобылдың» екі бірдей футболшысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы команданың бас бапкері Владимир Газзаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан чемпионатының 8-ші турындағы «Астана» - «Тобыл» кездесуіне алаң қонақтарының екі футболшысы шықпай қалған еді. Мұның себебін бас бапкер Владимир Газзаев түсіндірді.

«Астанамен» ойынның алдында Сенин Себаи мен Дмитрий Мирошниченко өздерін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінді. Ауруханада оларды жансақтау бөліміне жатқызды. Себебі, олардың тағамнан уланғаны анықталды. Қазір Мирошниченконың жағдайы ауыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр», - деді команданың бас бапкері.

Сонымен қатар, жұмысына салғырт қарағаны үшін «Тобыл» клубының дәрігері жұмыстан кеткені белгілі болды.

Еске салсақ, облыстық денсаулық сақтау департаменті екі спортшының ауруханаға түскенін хабарлаған-ды.

Соңғы жаңалықтар