«Тобылды» Нұрбол Жұмасқалиев жаттықтырады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкерінің міндетін атқарушы маман тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Тобыл» футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаев жұмысынан кетті. Сондай-ақ, «Тобыл» баспасөз қызметі футболшыларға қатысты бірқатар қазақстандық сайттарда жалған ақпарат жарияланғанын хабарлады.

«Қостанай клубында негізгі команданың құрамына түбегейлі өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Футболшылар қолданыстағы келісім-шарттар аяқталғанға дейін команда намысын қорғауды жалғастырады. Техникалық директор Владимир Нидергаус пен жаттықтырушы Андрей Мирошниченко клубпен еңбек шартын үзді. «Тобыл» ФК ұжымы бірлескен жұмысы үшін аталған азаматтарға алғыс білдіріп, алдағы спорт мансабында сәттілік тілейді»,- делінген клубтың ресми хабарламасында.

Бас бапкердің міндетін атқарушы болып белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев тағайындалды. Ал Нұрбол Жәрдемұлы команданың ойыншыларымен және Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі. Н.Жұмасқалиев жергілікті жас футболшыларды негізгі команда құрамына алуға көмектесетінін атап өтті команданың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, «Тобыл» футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаев жұмысынан кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар