+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Тобылдағы провизорлық емханадан соңғы науқас сауығып шықты

2020 жылғы 12 тамыз 20:07
Бөлісіңіз:
Тобылдағы провизорлық емханадан соңғы науқас сауығып шықты

ТОБЫЛ. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Тобыл қаласындағы провизорлық орталық жабылды. Стационардан бүгін соңғы сырқат емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тобыл қаласындағы провизорлық емхана 1 айдан астам уақыт ішінде 125 науқасты айықтырған. Стационар бүгін жұмысын тоқтатты.

«Қазір стационар ішінде дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада шұғыл және жоспарлы түрде пациенттерді қабылдау қалыпты жағдайда жалғасады.

Провизордан шыққан науқастар ауру деңгейіне қарай 7 күннен 10 күнге дейін қосымша ем алады. Айығып шыққандар қазірдің өзінде медицина қызметкерлерінің бақылауында»,- дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Айта кетейік, бұл провизорлық стационар Тобыл қаласындағы аурухананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесі жанынан ашылды. Науқастарға 47 медицина маманы қызмет көрсетіп, бірнеше ауысыммен тәулік бойы тынымсыз еңбек етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT