Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 12 °С
Алматы: 16 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

«Тобыл» жаңа құрамын таныстырды

2018 жылғы 14 наурыз 22:15 1180
Бөлісіңіз:
«Тобыл» жаңа құрамын таныстырды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Тобыл» футбол клубы жанкүйерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Команда құрамымен танысу рәсімі «Қостанай» спорт кешенінде өтті. Шараның алғашқы бөлімінде «Тобыл 2010» командасының балғын аяқ-допшылары жолдастық кездесу өткізді. Нәтижесінде белгілі футболшы Валерий Гаркуша дайындайтын ұжым Ермек Нұрғалиевтің футболшыларын 2:0 есебімен жеңді.

Содан кейін «Тобыл» клубының осы маусымда ойнайтын футболшылары таныстырылды. Биыл команда құрамына едәуір өзгеріс енді. Алдымен бапкерлер штабы толықтай жаңарды. Білікті маман Владимир Никитенко «Тобылға» бірнеше жас ойыншыларды алдырды. Команда капитаны болып «Ордабасыдан» келген Азат Нұрғалиев бекітілді. Сондай-ақ, Джаба Канкава, Василий Кобин, Максим Федин сынды Еуропада ойнап келген футболшылар да «Тобыл» құрамын толықтырды.

«Тобыл» жаңа құрамын таныстырды 

Шара соңында жанкүйерлер футболшыларға сұрақтарын қойып, естелік суретке түсуге мүмкіндік алды.

 «Тобылдың» 2018 жылғы футбол маусымына арналған құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Дмитро Непогодов, Вячеслав Котляр, Сұлтан Бусурманов

Қорғаушылар:  Фернандер Кассай, Василий Кобин, Виктор Дмитренко, Ванче Шиков, Дмитрий Мирошниченко, Сұлтан Әбілғазы, Григорий Сартаков, Тимур Жақыпов.

Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев, Артурас Жулпа, Джаба Канкава, Ника Квеквескири, Азат Нұрғалиев, Аслан Дарабаев, Самат Жарынбетов,

Шабуылшылар: Жасұлан Молдақараев, Тұрысбек Бауыржан, Максим Федин

  
Бас бапкер Владимир Никитенко

«Тобыл» жаңа құрамын таныстырды 
«Тобыл» жаңа құрамын таныстырды 

 


«Тобыл» жаңа құрамын таныстырды 


Басты сөздер: Қостанай облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат