Тобыл UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында тең түсті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында қазақстандық «Тобыл» алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлық клуб өз алаңында Венгрияның «Ференцварош» командасын қабылдады.

Венгриялық команда - тәжірибелі ұжымдардың бірі. Бұдан бұрынғы жылдарда UEFA Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түскен.

Аталған команда 1899 жылы құрылған. Өз елінің 33 мәрте чемпионы атанған. 1964-65 жылдары Жәрмеңке кубогында жеңімпаз атанса, 1975 жылы Кубок иелері кубогында финалист болды.

Алайда, бүгінгі кездесудің қостанайлық клуб үшін оңайға соқпайтыны белгілі еді.

Ойын барысында қос команданың да жеңіске деген ұмтылысы байқалып тұрды. Жасыл алаң төрінде футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Десе де олардың тепкен доптары көздеген нысанаға жеткен жоқ.

Кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді қарымта кездесу 13 шілдеде Венгрияда өтеді.

Аталған жұпта бойынша жеңімпаз атанған команда екінші іріктеу сатысында «Слован» (Словакия) мен «Динамо» Батуми (Грузия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Жеңілгені Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Шкупи» (Македония) мен «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбының жеңілген командамен ойнайды.


Соңғы жаңалықтар