«Тобыл» ойыншысы төбелес шығарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүрген «Тобыл» ресейлік «Анжи» клубымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тобыл» Түркиядағы алтыншы бақылау матчына шықты. Бұл жолы қостанайлықтарға атақты Роберто Карлостың бұрынғы командасы - «Анжи» қарсы тұрды. «Тобылдың» бас бапкері Владимир Никитенко бұл жолы негізгі құрамға қаралымда жүрген футболшыларды қойды. Бірінші таймда Бауыржан Тұрысбек пен Максим Федин гол соғатын мүмкіндіктерге ие болған. Алайда, оларға дәлдік жетіспеді. 



Ойынның екінші бөлігінде «Анжи» ойыншысы Хуан Лескано әдемі голдың авторы атанды. Ол әріптесі Будковскийден пас алып, алыстан шірене тартты. Есеп 1:0!

Кездесу аяқталар тұста қостанайлық команданың жартылай қорғаушысы Джаба Канкава «Анжи» ойыншысы Арсен Хубуловпен төбелесіп қалды. Бір-біріне жұдырық жұмсаған қос футболшы алаңнан қуылды.

Енді «Тобылдың» келесі ойыны 8-ақпанда Ресейдің «Томь» клубына қарсы өтпек.

Соңғы жаңалықтар