«Тобыл» мен «Қызылжар» футболдан Конференция лигасындағы қарымта кездесуге құрамын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында бүгін, 11 тамызда «Тобыл» және «Қызылжар» командалары қарымта ойында алғашқы минуттан жасыл алаңға шығатын құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен, петропавлдық «Қызылжар» елордада Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездеседі. Ойынның басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-ға белгіленген. Аталған ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы минуттан «Қызылжар» құрамында Лобанцев, Тапалов, Гурман, Каршакевич, Мужек, Бушман, Мартинс, Коне, Подио, Лобжанидзе, Яковлев ойын көрсетеді.

Оған қарсы АПОЭЛ құрамында Белец, Феррари, Креспо, Каро, Шабаке, Костадинов, Сарфо, Гомеш, Ндонгаля, Илиа, Маркиньос бар.

Тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубын қабылдайды. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге белгіленген. Жанкүйерлер кездесуді «Qazsport» сайтынан тікелей эфирде көре алады.

«Тобыл» құрамында алғашқы минуттан Мокин, Қайыров, Марочкин, Малый, Аманович, Жарынбетов, Йованчич, Тағыберген, Тошич, Дебле, Вукадинович жасыл алаңға шығады.

Ал, «Зриньски» командасының бапкерлері ойын басынан Чондрич, Тичинович, Магдич, Баришич, Савич, Маглица, Юкич, Янкович, Илинкович, Чуже, Билбиаға сенім білдірді.

Еске салсақ, аталған қазақстандық командалар сырт алаңда өткен екі ойында да қарсыластарына 0:1 есебімен есе жіберді.






Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар