«Тобыл» мен «Ақтөбе» тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойын күніндегі негізгі кездесудің бірі «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» командалары арасында өтті. Кездесуде командалар 2:2 есебімен тең тарқасты.

Кездесу барысында алдымен ақтөбелік клубтан Арман Кеңесов 28 Лука Гадрани 69-минутта екі гол соққан еді. Оған «Тобыл» шабуылшысы Игорь Сергеев 73, 85-минутта екі голмен жауап қайырды.

Ал «Атырау» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуын» 2:1 есебімен сүріндірді.

Ойын барысында ақтаулық клубтан Чкоб Новак 89 93-минутта мергендік танытса, «Ақсу» cапынан Қайрат Жырғалбекұлы 65-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Енді 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент), 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, 22 сәуірде «Мақтарал» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалса , «Қызылжар» мен «Каспий» 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал 23 сәуірде «Оқжетпес» пен «Шахтер» тең нәтижеге қанағат білдірді.

Ал сегізінші тур ойындары 6 және 7 мамыр күндеріне белгіленген.


Соңғы жаңалықтар