«Тобыл» Люксембургтың командасын жеңіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана Аренада» 2019/2020 жылғы Еуропа лигасына іріктеу кезеңінің алғашқы раунды аясында Қостанайдың «Тобылы» Люксембургтың «Жөнесс Эш» командасымен ойнап жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ шартты түрде алаң иелері саналатын қостанайлықтар допты бақылауында ұстауға тырысты.

Ал қонақтар олардың әр қадамын аңдып, қарсы шабуылдарды ұтымды пайдаланбақ болды. Қонақтардың қырағы қорғаныс шебі «Тобылдың» шабуылдаушыларын біршама тұсап ұстады да, бірақ 21-минутқа дейін. Қостанайлықтардың сол қанаттан ұйымдастырған шабуылын өрескел тоқтатқаны үшін грекиялық төреші Эммануил Скоулас айып добын белгіледі. Айып алаңына асырылған допқа талас кезінде қонақ команданың қорғаушылары «Тобылдың» 8-нөмірдегі қорғаушысы Виктор Дмитренкодан көз жазып қалды. Соны ұтымды пайдаланған Виктор жылдамдық танытып, ойындағы алғашқы голды соқты.

Бірінші таймда басқа гол соғылған жоқ.

Айта кетейік, «Тобыл» футбол клубы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, «Тобыл» Еуропа лигасындағы өз алаңындағы матчтарын уақытша «Астана Аренада» өткізеді.

Соңғы жаңалықтар