«Тобыл» клубы алаңға шығып кеткен жанкүйерлер үшін миллион теңге төлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бейсенбі күні Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтті. Онда «Тобыл» футбол командасына алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерлер үшін айыппұл салу мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерация сайтына сілтеме жасап.

«Ойын жүріп жатқан уақытта жанкүйерлер алаңға шығып кетті. Бұл матчты ұйымдастыру талаптарының қадағаланбағандығын көрсетеді. Сол себепті тәртіптік регламенттің 62 бабы, 1 бөлігіне сәйкес, «Тобыл» футбол клубы» ЖШС-ы 2018 жылдың 16 маусымына дейін 1 млн 202 мың 500 теңге айыппұл төлейді»,-делінген жиынның қорытындысы бойынша қабылданған шешімде.

Осыған дейін Қазақстан премьер-лигасының 10 турында «Қайрат» командасын жеңгеннен кейін «Тобыл» жанкүйерлерінің жаппай алаңға шығып кеткендігі хабарланды.

Соңғы жаңалықтар