Тобыл қаласында 28 жастағы жігітті өлтіріп кетті

None
None
ТОБЫЛ. ҚазАқпарат – Қостанай ауданының Тобыл қаласында 1992 жылы туған жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 ақпан күні Тобыл қаласының Терешкова көшесінде болған. Тұрғын үй секторының маңында 28 жастағы жігітті қинап өлтіріп кеткен.

Аталмыш дерек бойынша полиция қызметкерлері екі тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларын жүргізді. ҚР Қылмыстық кодексінің «Кісі өлтіру» бабымен 29 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Айта кетейік, 8 ақпан күні Рудный қаласында 45 жастағы ер адамды өлтірген күдікті қолға түсті.



Соңғы жаңалықтар