«Тобыл» футболшысы тағамнан уланып қалған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық «Тобылдың» футболшысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне «Тобыл» футбол клубының ойыншысы түсті. Қазір арнайы ем-дом шаралары қабылданып жатыр. Ол тамақтан уланған. Жағдайы ауыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Ал клубтың баспасөз қызметі нақты қай футболшының тамақтан уланғанын айтқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар