«Тобыл» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сербиялық маман Милич Чурчич «Тобыл» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тобыл» клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Милич Чурчич 1981 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген.

М.Чурчич жаттықтырушылық мансабын 2013 жылы «Атырауда» бапкердің көмекшісі есебінде бастаған.

Содан кейін Кувейттің «Әл-Джахра», Ливия құрамасын, Сербияның «Пролетер» және Иранның «Зоб Ахан» клубтарын жаттықтырды. Өткен маусымды Чурчич «Шахтер» (Солигорск) командасының бас бапкері міндетін атқарушы ретінде аяқтады. Оның басшылығымен «Шахтер» үшінші рет қатарынан Беларусь чемпионы атанды.

Жаңа бас бапкерге Иван Евич көмектеседі, ол бұған дейін Сербияның жастар және ұлттық құрамаларында жұмыс істеген. Сондай-ақ штабта қақпашылар жаттықтырушысы Евгений Набойченко мен дене дайындығы бапкері Евгений Антонов еңбек етуді жалғастырады.

Өткен жылы қостанайлықтар Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қақпашы Уго Льористің Франция құрамасындағы мансабын аяқтағанын жазған болатынбыз.


Фото: instagram.com/fctobol

Соңғы жаңалықтар