«Тобыл» футбол клубы жаңа ойыншы сатып алу құқығынан айырыла ма

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайлық «Тобыл» БАҚ және әлеуметтік желіде жарияланған «трансферлік тыйымға» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік футбол маманы Дмитрий Васильев желідегі парақшасында ФИФА Халықаралық футбол ұйымының Қостанай клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салғанын хабарлаған еді. Аталмыш санкция «Тобылға» өзінің бұрынғы футболшысы Фернандер Кассайға еңбек келісімшартын заңсыз тоқтатқаны, қарызын төлеуге міндеттеген қаулысының орындалмағаны үшін қолданылды-мыс». Егер африкалық футболшы бір ай ішінде ақшасын алмаса, клубтан бірнеше ұпай алып тасталуы мүмкін екені айтылды.

Бұл сұрақтың жауабын «Тобылдың» баспасөз қызметінен сұрадық. Клуб мәлім еткендей, расымен де, кеше клубқа ФИФА Тәртіптік комитетінен хабарлама келген, онда ФИФА шешімінің орындалмауына байланысты ойыншылардың халықаралық және ішкі ауыс-түйістеріне «трансферлік тыйымның» салынғаны жазылған.

«Бірақ бүгін біз сол ұйымнан басқа хат алдық және ресми түрде хабарлаймыз: «Тобылға» қатысты енгізілген «трансферлік тыйым» – ФИФА тарапынан кеткен техникалық қателік. Осылайша, «Тобыл» ФК жаңа ойыншыларды тіркеуді жалғастыра алады. Сары-жасылдар жанкүйерлерінің алаңдауына еш негіз жоқ», - деп жазды «Тобыл» клубы ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар