«Тобыл» футбол клубы УЕФА-ға шағымданбақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық клуб «Пюник»-«Тобыл» арасындағы ойындағы тәртіп бұзушылықтарға байланысты УЕФА-ға шағым түсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Пюник»-«Тобыл» арасындағы кездесу армениялықтардың пайдасына шешілгенін хабарлаған болатынбыз.    

«Тобыл» футбол клубының аталған кездесудің төрешілер қосыны және армениялық тараптың матчты ұйымдастыруына қарсы шағымы бар. Сондай-ақ, біздің команда «Пюник» ФК техникалық аймағында болған қызметкерлерінің қостанайлықтарға қарсы бұзақылық қимылдарына наразы», - делінген «Тобыл» ФК ресми сайтында.

Ал бас бапкер Владимир Никитенко «Тобылдың» Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталған соң келесі күні-ақ клуб басшылығынан босатуды өтінген еді. 

 

Соңғы жаңалықтар