+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

«Тобыл» Еуропа лигасынан шығып қалды

2019 жылғы 18 шілде 19:53
Бөлісіңіз:
«Тобыл» Еуропа лигасынан шығып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Аренада» 2019/2020 жылғы Еуропа лигасына іріктеу кезеңінің алғашқы раунды аясында Қостанайдың «Тобылы» Люксембургтың «Жөнесс Эш» командасын қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропа лигасы: Бірінші кезеңде «Астана» «Манчестер Юнайтедпен» тең түсті Еуропа лигасы: «Астананың» «Манчестер Юнайтедке» қарсы құрамы белгілі болды Футболдан Чемпиондар лигасы: Бірінші тур нәтижелері белгілі болды

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ шартты түрде алаң иелері саналатын қостанайлықтар допты бақылауында ұстауға тырысты.

Ал қонақтар олардың әр қадамын аңдып, қарсы шабуылдарды ұтымды пайдаланбақ болды. Қонақтардың қырағы қорғаныс шебі «Тобылдың» шабуылдаушыларын біршама тұсап ұстады да.

21-минута қостанайлықтардың сол қанаттан ұйымдастырған шабуылын өрескел тоқтатқаны үшін грекиялық төреші Эммануил Скоулас айып добын белгіледі. Айып алаңына асырылған допқа талас кезінде қонақ команданың қорғаушылары «Тобылдың» 8-нөмірдегі қорғаушысы Виктор Дмитренкодан көз жазып қалды. Соны ұтымды пайдаланған Виктор жылдамдық танытып, ойындағы алғашқы голды соқты.

Бірінші таймда басқа гол соғылған жоқ.

2-тайм да тартысты болды. Қонақтардың сирек қарсы шабуылдарының бірінде қостанайлықтар айып алаңының ішінде ереже бұзды. Пенальтиді 59-минутта қонақтардың 21-нөмірдегі қорғаушысы қалтқысыз орындап, есепті теңестірді.

Эш қаласында өткен алғашқы матчта 0-0 есебі тіркелген болатын. Сырт алаңда соғылған гол ережесі бойынша, «Жөнесс» келесі кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, «Тобыл» футбол клубы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, «Тобыл» Еуропа лигасындағы өз алаңында өтетін матчын «Астана Аренада» өткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT