Төбесіне адам шығарып қала аралаған Hummer жүргізушісі жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД адамдарды төбесіне шығарып алып қала аралаған жүргізушіні тауып, әкімшілік жазаға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видео желі қолданушылары арасында үлкен пікірталас тудырды.

Я дарю стиль __ #каканаесть #есьже #атдущи

A post shared by Есьже, я приезжий! (@eap_kz) on Aug 5, 2017 at 9:40pm PDT

5 тамызда той кортежіндегі Hummer H2 лимузинінің үстіне жас жігіт шығып алып , ішіндегі адамдар терезеден бастарын шығарып отырған.

Көлік тізгінінде 36 жастағы Қарғалы ауылының тұрғыны болған.

«Осындай әрекетке жол бергені үшін полиция ер адамды ҚР ӘҚК 593-бабы бойынша (жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін) жауапкершілікке тартты», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Енді жүргізуші 5 АЕК, яғни 11 345 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар