ТМРА экс-төрағасы М.Оспановтың ісі бойынша сот бір аптадан кейін басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановтың ісі бойынша сот 11 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталады. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында аталған соттан хабарлады.

«Мұрат Оспановтың ісі бойынша сот тыңдаулары 11, 13, 17, 18 және 19 қарашаға тағайындалды. Сот отырысы сағат 10-00 кезінде басталады. Оған судья Ербол Рахимбеков төрағалық етеді», делінген хабарламада. Айта кетейік, 2014 жылдың 2 шілдесінде Қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты тұтқындағанын мәлімдеген болатын. Олардың мәліметінше, М. Оспанов 200 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Артынша белгілі болғандай, пара көлемі 300 мың екені анықталды. 3 шілде күні Астана қаласы Алматы аудандық № 2 соты ТМРА бұрынғы басшысын ұстауға санкция жариялады.

Соңғы жаңалықтар