+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

«ТМД үшін 100 идея» байқауында қазақстандық стартап жоба жеңімпаз атанды

2021 жылғы 14 қазан 21:44
Бөлісіңіз:
«ТМД үшін 100 идея» байқауында қазақстандық стартап жоба жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арменияда ТМД елдерінің Жастар ісі жөніндегі кеңесі шеңберінде «ТМД үшін 100 идея» байқауының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шахтинск қаласында мүгедек балаларды дамыту орталығы  жабылып қалуы мүмкін Білім саласының 270 қызметкері жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды - Марат Ахметжанов Білім беру мекемелерін зейнеткерлер күзете ала ма – Сенатор сауалы

Қазылар алқасының шешімімен «ТМД-ға арналған 100 идея» байқауының жеңімпаздары болып түрлі бағыттар мен номинациялар бойынша 12 жоба танылды.

Авиациялық, ғарыштық және көлік жүйелері номинациясында Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 5 курс студенті Каир Әлихан «Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш» жобасымен жеңімпаз атанды.

Жалпы, байқауда 11 жас қазақстандық 10 бағыт бойынша өздерінің стартап-жобаларын ұсынды.

Атап кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның атынан Ұлттық делегацияны жасақтап, оның құрамына инновациялық идеялары бар талантты жастар кірген болатын.

Байқаудың финалында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жобалары ұсынылды. Барлық ТМД елдерінен барлығы 50 өтінім берілді.

Анықтама: «ТМД үшін 100 идея» жобасы 2014 жылдан бастап екі жылда бір рет кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, екі кезеңнен тұрады: Ұлттық (іріктеу) және халықаралық (финал). Жобаға ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің авторлық жобаларын ұсынған 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT