ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Сочиде өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы Сочиде өтеді. Бұл туралы аталған отырыстан кейінгі брифингіде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2023 жылдың маусым айында Сочи қаласында өткізу туралы шешім қабылданды», - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар бүгінгі жиында ТМД елдерінің ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасында өтетіні нақтыланды.

Бұдан бөлек, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ескерту және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар