ТМД Сыртқы істер министрлері Минскіде бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 7-8 ақпаны аралығында Минскіде ТМД Атқарушы комитетінде Сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңес өтеді. Жиын тақырыбы - "2019 жылы ТМД аясындағы өзара іс-қимыл туралы". Бұл жайында ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыртқы саясат ведомстволарының өкілдері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастықты одан ары дамыту міндеттерін қарастырып, 2018 жылға арналған ТМД аясындағы көпдеңгейлі сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңес жоспарын және 2019 жылда арналған жоспар жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылауға ниетті.

Сонымен қатар кездесу барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер сыртқы саясат ведомстволары арасындағы серіктестікті жандандыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының жобасын талқылау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар